Мәжіліс төрағасы құттықтау жариялады

ТҰҰМ төрағасы Исмаил Кахраман Стамбұлдың жеңіп алынуының 564-ші жылдығына орай бір құттықтау жариялады.

741378
Мәжіліс төрағасы құттықтау жариялады

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Исмаил Кахраман Стамбұлдың жеңіп алынуы адамзат тарихында терең бір өзгеріске себеп болып, орта шақты жауып, жаңа шақты ашқанын білдірді.

Исмаил Кахраман Стамбұлдың жеңіп алынуының 564-ші жылдығына орай бір құттықтау жариялады.

Стамбұлдың үш империяның бас қаласы болғанын атап көрсеткен Кахраман «Жеңіспен бірге Стамбұл мұсылмандар және әлем үшін ғылым, мәдениет, өнер және сәулетшілікке қоса рухани дамудың орталығына айналды» деді.

Стамбұлдың еліміз және әлемнің ең маңызды қалаларының бірі екеніне назар аударған Исмаил Кахраман жолдамасын «Атамыз Фатих Сұлтан Мехмет Хан мен бақытты армиясының алыптарын рақымшылық және ризашылықпен еске аламын» деді.



Ұқсас жаңалықтар