Диярбакырда террор ұйымының есірткі саудасына ауыр соққы

Диярбакырда террор ұйымына қарсы 104 ауыл мен ауданды қамтыған үлкен операция басталды.

742003
Диярбакырда террор ұйымының есірткі саудасына ауыр соққы

Диярбакырда 104 ауыл мен ауданда 10 мың 73 қауіпсіздік қызметкерімен ПКК-ға бағытталған «Bayrak-54 шәйіт Жандармерия жүзбасы Фуат Оғузжан» атты ортақ операция жалғасуда.

Губернаторлық жасаған мәлімдемеге қарағанда 6 ауданға қарасты 104 ауылда мың 528 шақырымдық алаңда араларында жоғары деңгейлі лауазымдылар да бар ПКК-лық террористтерді жою, террор ұйымы мен есірткі өндірісі және саудасын жасағандар арасында байланысты нақты дәлелдермен ортаға қою, операция аймағында жасырған есірткі мен қатысы бар қылмыскерлерді анықтау және аймақта террор ұйымына қамқоршылық жасағандарды тауып сот алдына шығару үшін 28 мамыр күні басталған операцияның жалғасқаны білдірілді.

Мәлімдемеде «Террористтерге тиесілі бір баспананың анықталып, жойылды. Наркобизнис және терроризммен күрес аясында қолға түскен 128 кг. ұнтақталған, 81 кг. қысылған жалпы 209 килограмм марихуана, 67 мың 250 қарасора өсімдігі, мылтық, су моторы және сүңгуір су сорғышы прокурордың тапсырмасымен тәркіленді» делінді.



Ұқсас жаңалықтар