Түркия көңіл айтты

Президент Ердоған Ұлыбританияның Манчестер қаласында кеше болған лаңкестікті айыптады.

737567
Түркия көңіл айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған Ұлыбританияның Манчестер қаласында кеше болған лаңкестікті айыптады.

Стамбулда сөз сөйлеген президент: «Ағылшын халқының қайғысын бөлісеміз» деді.

Сыртқы істер министрлігінің осы тақырыптағы мәлімдемесінде: «Терроризмге қарсы осы бәлеге жол ашып отырған барлық нәрсені тамырынан жою үшін жақын досымыз және одақтасымыз Ұлыбританиямен бірге жүргізілген күресті жалғастырамыз,  Манчестердегі шабуылға берілетін ең жақсы ортақ жауап осы болады» деп айтылды.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу террорлық лаңкестікте қаза тапқандар үшін Ұлыбританияға көңіл айтты.  Чавушоғлу мәлімдемесін твидтер есебінен жариялады.

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын болса «Манчестердегі террор лаңкестігін айыптап, қаза тапқандар үшін көңіл айтамыз» деді.

Республика Халық партиясының басшысы Кемал Кылычдароғлу да Твидтер есебінен лаңкестікті айыптап, ағылшын халқына көңіл айтты.



Ұқсас жаңалықтар