Хаккариде ПКК-лық 6 террорист өлтірілді

Қауіпсіздік күштерінің операциялары жалғасуда.

734727
Хаккариде ПКК-лық 6 террорист өлтірілді

Хаккариде бөлшектеуші террор ұйымы ПКК мүшесі 6 террорист өлтірілді.

Қалалық Жандармерия қолбасшылығы және Қалалық полиция дирекциясы топтары тарапынан жүргізілген ортақ жұмыстар нәтижесінде орталық ауданға қарасты Каваклы ауылдық аймағында екені анықталған террористтерге әуе операциясы жасалды. Операция барысында террористтер жойылды.

Ванның Мурадийе ауданында болса полицияның операциясында ПКК террор ұйымына мүше 3 террорист өлтірілді.

Өлтірілген террористтердің Әділет және даму партиясы аудан басшысының керуеніне шабуылдаған террористтер екені анықталды.

Операция барысында бір дана M 16 автоматты қаруы, 2 дана AK-47 автоматты қаруы және 1 пулемет қолға түсті.



Ұқсас жаңалықтар