Қорғаныс министрлері кездесті

Министрлер террор ұйымдары PKK/PYD және ДАИШ-пен күрес тақырыптарын талқылады.

733728
Қорғаныс министрлері кездесті

Президент Реджеп Тайып Ердоғанның Америка Құрама Штаттары сапарына қатысқан Ұлттық Қорғаныс министрі Фикри Ышык американдық әріптесі Джеймс Маттиспен Ақ Үйде кездесті.

Министрлер террор ұйымдары PKK/PYD және ДАИШ-пен күрес тақырыптарын талқылады.

Ышык пен Маттис арасындағы кездесу Президент Ердоған Ақ Үйден шығып кеткеннен кейін болды. АҚШ Қорғаныс министрлігі кездесуде террор ұйымы PKK тақырыбындағы уайымдардың ортақ екенін білдірді.

Пентагон баспасөз хатшысы Дана Уайт тарапынан жасалған жазбаша мәлімдемеде: «Министрлер Түркияда азаматтар мен түрік әскерлеріне шабуыл жасаған және АҚШ тарапынан да «шетелдік террор ұйымы» ретінде танынған PKK-ға қарсы уайымдардың бірдей екенінде келісті» деп айтылды.

Уайт: «Министр Джеймс Маттис Түркияның PKK-мен күресіне қолдауын және Түркияның олармен күресінде ынтымақтастықты арттыруды жоспарлағанын қайталады» деді.

Екі министр кездесуде Сирия дағдарысына да тоқталды.



Ұқсас жаңалықтар