Премьер-министр Германияға наразылық көрсетті

Йылдырым Әділет және даму партиясының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі апталық кезекті жиналысында үн қатты.

733167
Премьер-министр Германияға наразылық көрсетті

Премьер-министр Бинали Йылдырым Германияның Түркиямен ынтымақтастығын жетілдіргісі келсе, бағытын Түркия Республикасына бұру керектігін атап айтты.

Йылдырым Әділет және даму партиясының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі апталық кезекті жиналысында үн қатты.

Баяндамасында Германиямен ынтымақтастықта соңғы жағдайды бағалаған Бинали Йылдырым бұл елдің 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетіне қатысқан Фетуллахшы террор ұйымы мүшелеріне паналау құқығы бергенін еске салды.

Йылдырым бұл жағдайға қатаң наразылық көрсетіп, «Германияның бір таңдау жасауы керек. Түркиямен ынтымақтастық жетілдіргісі келсе тарихи достық байланысын күшейткісі келсе, бағытын бөлшектеуші ФЕТӨ мүшелеріне емес, Түркия Республикасына бұруға міндетті» деді.



Ұқсас жаңалықтар