Президент Ердоған Жаңа Жібек Жолы жобасын бағалады

Президент Азия, Еуропа, Африка және тіпті Оңтүстік Американы бір-бірімен байланыстыратынына сенгенін атап көрсетті.

732294
Президент Ердоған Жаңа Жібек Жолы жобасын бағалады

Президент Ердоған «Жаңа Жібек Жолының» Азия, Еуропа, Африка және тіпті Оңтүстік Американы бір-бірімен байланыстыратынына сенгенін атап көрсетті.

Жобаның табысқа жетуінің бағыты болған елдердің саудасын жеңілдететініне, кеден саласында ынтымақтастық жасауға, тарифтерден тыс кедергілердің жойылуына және инвестицияларды ынталандыратынына байланысты екеніне назар аударған Ердоған Жібек жолы қорына қоса, бағыттағы елдердің ұлттық қорларының іске қосылуының жобаның қарды интеграциясын тереңдететініне назар аударды.

Кедендер арасы ынтымақтастыққа бағыттап жетілдіргендері "Керуенсарай" жобасының, сауданың және қызметтердің жылдам түрде орындауды нысанаға алғанын түсіндірген Ердоған «Азия мен Еуропаны бір-бірімен байланыстыратын Мармарай, 2016 жылы 26 тамыз күні ашылған Явуз Сұлтан Селим көпірі, 2016 жылы 20 желтоқсан күні іске қосылған Еуразия туннелі мен Стамбұлда құрылыс жұмыстары жалғасып жатқан жаңа әуежайы мен құрылыс жұмыстары басталған Дарданель көпірі жобасы қатынас инфрақұрылымы тұрғысынан аса маңызды басқа қадамдар болып табылады» деді.

Ердоған Баку-Тбилиси-Карс темір жолы жобасының бірнеше айдың ішінде іске қосылуымен Орталық коридордың маңызды бір тармағының аяқталатынына назар аударды.

Президент Режеп Тайып Ердоған Пекинде Қытай Халық Республикасы мемлекет басшысы Си Цзиньпин, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш, Өзбекстан президент Шавкат Мирзеев, Сербия президенті Александр Вучич, Польша премьер-министрі Беата Сзидломен басқосты.

Кездесулерде екі ел қарым-қатынастарына қоса, жаһандық мәселелер қолға алынды.



Ұқсас жаңалықтар