Президент Режеп Тайып Ердоған Қытайға барады

Президент Ердоған Пекинде Халықаралық ынтымақтастық үшін «Бір белдеу – бір жол» форумына қатысады.

730884
Президент Режеп Тайып Ердоған Қытайға барады

Президент Пекинде ұйымдастырылатын Халықаралық ынтымақтастық үшін «Бір белдеу – бір жол» форумына қатысады.

Ердоған 14 мамыр күні Халықаралық ынтымақтастық үшін «Бір белдеу – бір жол» форумының жоғары деңгейдегі келіссөз жиналысына, 15 мамыр күні болса Дөңгелек үстел басшылар жиналысына үн қатады.

Форумға БҰҰ Бас хатшысы, Әлем банкі және Халықаралық валюта қоры басшыларына қоса 28 елдің мемлекет пен үкімет басшылары және 250-ден астам министр қатысады.

Президент Қытай байланыстарының артынан 15-17 мамыр күндерінде болса АҚШ-қа ресми сапармен барады.

Ердоған Вашингтонда президент Трамппен 16 мамыр күні оңаша кездесіп, делегация аралық кездесулерге басшылық жасайды.

Ердоған сапары барысында азаматтық қоғам мекемелері мен іскерлерді де қабылдайды.



Ұқсас жаңалықтар