Ердоған мен Путин журналисттердің сұрақтарына жауап қайтарды

Президент Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин Сочиде басқосты.

725546
Ердоған мен Путин журналисттердің сұрақтарына жауап қайтарды

Президент Режеп Тайып Ердоған Сирия тақырыбында Ресеймен бірге қозғалып, жұмыстарды жалғастыратындарын атап көрсетті.

Президент Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин Сочиде басқосты.

Делегация аралық келіссөздердің артынан ұйымдастырылған баспасөз жиналысында Ердоған кездесу барысында Сирия дағдарысынан бастап, аймақтық тақырыптарды қолға алғандарын білдірді.

Сирияның 6 жылдан бері қайғырғанын атап көрсеткен Ердоған «Балалардың, әйелдердің, қариялардың химиялық қарулармен қырылуына қалайша көзімізді жұмып отыра аламыз?» деді.

Химиялық қарулардың жауапкерлерінің жазалануы тақырыбында келіскендерін атап көрсеткен Ердоған «Атысты тоқтатуды бұзатын әр шабуыл майдандағы жағдайды нашарлатуға қоса, кепілдеме берген мемлекеттердің еңбектеріне балта шабумен бірдей. Түркия, Ресей және Иран кепілдеме беріп күшіне енген атысты тоқтату немесе жаңа атауымен қақтығыссыз орта саяси шешім талпыныстарын табысқа жеткізу үшін маңызды бір мүмкіншілік ұсынады.Бұл алтындай құнды мүмкіншілікті құрытпау керек» деді.

Жиналыста журналисттер екі басшыға бірдей «Сирия дағдарысының шешімі тақырыбында қауіпсіз аймақтар құру күн тәртіпке келді ме?» деп сұрақ қойды.

Ердоған сұраққа «Әу бастан қауіпсіз аймақ атауын қолданып келдік, бұдан кейін де қолданамыз. Идлибте маңызды мәселелер бар. Сол жердегі бір жасыл желімен қақтығыссыз орта жария етілді. Бұл аймақтың қорғалуын тілеймін. Астанадағы маңызды тақырыптардың бірі қақтығыссыз орта жайлы шешім қабылдау еді. Бұл Сирияда маңызды бір қадам басуға жағдай жасады» деп жауап қайтарды.

Ресей президенті Путин болса кездесу барысында халықаралық террормен күресте барлау және әскери ынтымақтастықты күшейту тақырыбында келісім жасалғанын, Сириядағы шешімнің болса саяси екені тақырыбында президент Ердоғанмен ортақ көзқараста екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар