Президент Үндістанда ресми байланыстарын жалғастыруда

Ердоған: БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде әділет бар ма екен?

723633
Президент Үндістанда ресми байланыстарын жалғастыруда
cumhurbaşkanı, hindistan 3.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған ресми байланыстар аясында барған Үндістанның бас қаласы Жаңа Делиде елдің алдынғы қатарлы фирма директорларымен бас қосты.

Президент Ердоған қонған «Taj Palace New Delhi» қонақ үйінде баспасөзге жабық өткен жиналысқа Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу, Экономика министрі Нихат Зейбекчи, Энергия және табиғи ресурстар министрі Берат Албайрак, Мәдениет және туризм министрі Наби Авжы мен Қатынас, теңіз және коммуникация министрі Ахмет Арслан қатысты.

Президент Түркия-Үндістан іскер форумына қатысты.

Ердоған осында жасаған баяндамасында «Үндістанмен ынтымақтастығымызды жетілдіру үшін қажетті барлық қадамдарды басуда табандымыз» деді.

Режеп Тайып Ердоған кейін Үндістан премьер-министрі Нарендра Модимен бас қосты.

Делегация аралық кездесулердің артынан кейбір келісімдерге қол қойылды.

«Jamia Millia» атындағы Ислам Университетінде болса президент Ердоғанға құрметті докторлық атағы берілді.

Президент осында айтқан сөзінде БҰҰ-ның және әсіресе БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің құрылымының тез арада реформалау керектігін айтып, «БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінен нені күтеміз? Әділет. Бірақ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде әділет бар ма екен? Еш қандай жоқ» деді.

«БҰҰ-на қарамастан миллиондаған адамды өлтіріп, мемлекетте террорды жасаған қанішер Асад қазір Сирияда билікте тұра алатын болса енді айтар сөз қалмаған» деген Ердоған «баррель бомбаларынан, химиялық қарулардан, кәдімгі қарулардан қашқан адамдарға Түркия бәрі бір қақпасын жаппайды» деді.



Ұқсас жаңалықтар