Бас кеңесшісі қайтарған жауаптар CNN журналистін масқара етті

Президенттің бас кеңесшісі Гүлнур Айбет CNN телеарнасында Кристиан Аманпурдың сұрақтарына жауап қайтарды.

716105
Бас кеңесшісі қайтарған жауаптар CNN журналистін масқара етті

Гүлнур Айбет CNN International арнасына телеконференция арқылы қосылып Аманпудың бағдарламасына қонақ болды.

«Economist» журналының президент Режеп Тайып Ердоғанға бағытталған негізсіз «Жалғыз билеуші» айыптауларына жауап қайтарған Айбет Аманпурдың бетін жерге қаратты. Қазіргі жүйеде президенттің шексіз жауапкершілігі бар екенін еске салған Айбет «Қазіргі жүйеде президентті ешқандай жауапқа тарта алмайды және Мәжіліске қарсы кезкелген бір жауапкершілігі болмағандықтан оны ешбір қылмыспен айыптай алмайды. Ал жаңа президенттік жүйеде болса президентті кезкелген айыппен жауапқа тартып, Жоғары сот алқасына жібере алады» деді.

Бас кеңесші Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) мен Еуропа кеңесі парламентарлар мәжілісі ортақ жариялаған және Түркияда «бүкілхалықтық  референдум кезеңінің әділ жүргізілмегенін» алға тартқан рапорттан үзінді оқыған Аманпурға «Бүкілхалықтық референдум кезеңінде мәселелер бар екені жайлы қауесеттер орынсыз. Сіз сондай-ақ баспасөз еркіндігінен сөз қозғадыңыз, атап өткеніңіз тұлғалар террорға қолдау берген адамдар болғандықтан осындай қауесеттер негізсіз, оған қоса тұтқындаулар Түркияның террорға қарсы қазір жүріп жатқан күресі аясында жасалуда» деді.

Дау-дамайлы рапортты дайындағандар арасында Андрей Хунконың бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ның флагтарымен түскен фотосуреттері және ПКК-ға қолдау берген мәлімдемелі ортаға шықты.

Рапортты дайындаған тағы бір делегация мүшесі Ричардас Рамосканың да 2004 жылы парақорлықтан сотталғаны Литва хабар агенттігі «ELTA»-ның жаңалықтарымен ортаға шықты.



Ұқсас жаңалықтар