Премьер-министр сайлаушыларға алғысын білдірді

Бинали Йылдырым Әділет және даму партиясы ғимараты алдында жиналған қалың жұртқа үн қатты.

714297
Премьер-министр сайлаушыларға алғысын білдірді

Премьер-министр Бинали Йылдырым бейресми қорытындыға қарағанда бүкілхалықтық референдумнен «қабыл» дауысы шыққанын атап көрсетті.

Йылдырым қорытындының жариялануының артынан Әділет және даму партиясы ғимараты алдында жиналған қалың жұртқа үн қатты.

Сөздерін «Білмейтіндер естісін, үйренсін бауырмыз, денеміз бір, ұлтымыз бір» деп бастаған Йылдырым бүкілхалықтық референдумға қатысушы саны көп болғаны үшін азаматтарға алғысын білдірді.

Бүкілхалықтық референдумнің тыныштықпен өткеніне риза екенін атап көрсеткен Йылдырым Түркияның алдында енді жаңа бір кезеңнің басталғанын атап, «Бұл кезеңді халқымыздың тыныштығы үшін қолданамыз» деді.

Бинали Йылдырым сөзінде президент Режеп Тайып Ердоғанға алғысын білдіре отырып, «Бұл демократиялық таңдауға еңбегі бар баршаға да алғысымды білдіремін» деді.

Барлық азаматтардың құқығының қорғалатынын атап көрсеткен премьер-министр Бинали Йылдырым «демократия және құқық мемлекеті енді одан мықты» деді.



Ұқсас жаңалықтар