Премьер-министр халыққа үн қатты

Премьер-министр баяндамасында президент Режеп Тайып Ердоғанға алғыс айтты.

713990
Премьер-министр халыққа үн қатты

Премьер-министр Бинали Йылдырым бейресми қорытындылардың референдумнан «қабыл» даусы шыққанын көрсеткенін айтты.

Йылдырым қорытынды белгілі болғаннан кейін Әділет және даму партиясының ғимаратының алдына жиналған қалың адамға үн қатты.

Сөздерін «Білмейтіндер естісін,  білсін: Біз бауырласпыз,  біртұтас, бір ұлтпыз» деп бастаған Йылдырым сайлауға қатысу көрсеткішінің жоғары болуына орай азаматтарға алғыс білдірді.

Референдумның тыныш өтуіне де ризашылығын білдірген премьер-министр Түркияның алдында жаңа парақ ашылғанын айтты.

«Бұл жаңа парақты халқымыздың тыныштығы үшін қолданамыз» деді ол.

Премьер-министр баяндамасында сонымен бірге президент Режеп Тайып Ердоғанға алғыс айтты.

Йылдырым елдегі барлық азаматтардың құқығын қорғайтындарын атап көрсетіп,  «демократия мен құқық мемлекеті енді мықты» деді.



Ұқсас жаңалықтар