Ердоған шәйіт жанұялары мен ардагерлерге үн қатты

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның террормен негізгі күресін олардың қамқоршыларына қарсы жүргізгенін тілге тиек етті.

711675
Ердоған шәйіт жанұялары мен ардагерлерге үн қатты

Ердоған Стамбұл Синан Эрдем Спорт залында Ұлттық билік платформасы ұйымдастырған «15 шілде шәйіт жанұялары мен ардагерлері бағдарламасына» қатысты.

Ердоған ұлы ұлттардың сынақтарының да үлкен болатынын, маңызды шешімдердің беделдерінің ауыр болатынын атап көрсетті.

Ердоған кейбір күштердің Түркияның жаһан мемлекеті болуын қабылдай алмағанын білдірді.

Фетуллахшы террор ұйымының 15 шілде күнгі төңкеріс әрекеті кезінде халықтың теңдесі жоқ батылдықтар көрсеткенін атап айтқан Ердоған бұл ұлттың террор ұйымдарының қамқоршыларына 16 сәуір күні өтетін бүкілхалықтық референдуммен маңызды бір сабақ беретінін жеткізді.

Ердоған кейбір Еуроодақ елдерінің террор ұйымдарымен бірігіп, бүкілхалықтық референдум тақырыбында ашық түрде тарап болғанын және атазаң өзгерісінің халықтың қолдауын алмауы үшін талпынғанын атап көрсетті.

Президент Ердоған бөлшектеуші террор ұйымының 1984 жылдан бері опасыз түрде қырған адамдардың көпшілігінің күрдтер екенін атап, «Жексенбі күні күрд бауырларымыздың да емтиханы болмақ. Енді ешкім ‘бізді қорқытады, қорлайды’ деп айта алмайды. Түрік қарулы күштері, полиция, қауіпсіздік сақшылары оңтүстік шығыс пен шығыста олар қорқытқан жерлерде оларды қыспаққа алып отыр. 20 айдың ішінде 10 мың 500 террористті қолға түсірдік» деді.



Ұқсас жаңалықтар