Анкараның басты күн тәртібі Сирия мәселесі

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу АҚШ, орыс және ирандық әріптестеріне телефон шалды.

709940
Анкараның басты күн тәртібі Сирия мәселесі

Сириядағы соңғы жағдай Анкараның ең маңызды күн тәртібі.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу телефон дипломатиясын жалғастыруда.

Чавушоғлу АҚШ, орыс және ирандық әріптестерімен телефонда Сирия тақырыбын бағалады.

Сириядағы мәселелер күдіксіз көп тұсты. Елде бір жақтан ДАИШ террор ұйымымен күрес жалғасып жатқанда, басқа жақтан бейбіт адамдар Асад режимінің химиялық қару шабуылынан бастап, әуе шабуылдарының нысанасы болуда.

Соңғы рет Асадтың Хан Шейхундағы химиялық қару шабуылының артынан АҚШ флотының Шайрат әуе базасына жасаған зымыран шабуылы АҚШ пен Ресей арасында дағдарысқа айналған еді.

Сириядағы соңғы жаңалықтар Ұлттық Қорғаныс министрі Фикри Ышыктың да күн тәртібіне келді.

Ышык 13 сәуір бейсенбі күні АҚШ-тық әріптесі Джеймс Мэттиспен Вашингтонда басқоспақ.

Кездесу барысында Ракка қаласын ДАИШ-тен азат ету алдынғы күн тәртіпті құрайды.



Ұқсас жаңалықтар