Президент Ердоған күн тәртібін бағалады

Президент Ердоған АҚШ пен Ресейдің Сирияда PKK/PYD-мен ынтымақтастығын қаламағандарын атап көрсетті.

705783
Президент Ердоған күн тәртібін бағалады

«Егер PYD/YPG-мен мұны жасау жоспарыңыз бар болса, Түркия ретінде бұл жоспарды қабылдамаймыз» деген Ердоған «Біз АҚШ пен Ресейдің олармен ынтымақтастық жасауын қаламаймыз. ДАИШ-ті бұл жерден жоюға күшіміз жетпей ме, PYD-ні қатарымызға қосамыз» деді.

Жекеменшік бір телеарнада күн тәртібін бағалаған президент Ердоған Сирияда жаңа бір операцияның белгісін беріп, «Евфрат қалқанының алғашқы сатысы аяқталды, жалғасы болады. Хашди Шаби атындағы бір террор ұйымыда сол жерде. Синджардың екінші Кандил болу ықтималы бар. Мүнбичке кейбір күштер PYD-ні жібергісі келеді. Мүнбичте мақсатымыз жалау тігу емес. Мүнбич тынбайынша, Ракка басталмайды» деді.

Ердоған Раккамен байланысты нақты бір шешім қабылданбағанын, келіссөздердің жалғасқанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар