Ішкі істер министрлігі апталық есеп берді

Министрлік 13-20 наурыз күндері арасында 233 операция жасалғанын жариялады.

695051
Ішкі істер министрлігі апталық есеп берді

Ішкі істер министрлігі 13-20 наурыз күндері арасында жүргізілген террор операциялары жайлы есебін жариялады.

Министрлік 233 операцияда террор ұйымдарына жәрдем жасағаны қауесетімен 999 адамның тергеуге алынғанын жариялады.

Министрлік тақырыпқа қатысты «Фетуллахшы террор ұйымы мемлекеттік паралелльді құрылымымен байланысы бар» деген қауесетпен 28 адамның тұтқындалғанын білдірді.

Операциялар барысында ДАИШ террор ұйымына мүше 70, солшыл бір террор ұйымымен байланысы бар екені алға тартылған 28 адамды тергеуге алды.

6 қаладағы операцияларда 21 баспана мен үңгір жойылды, қолдан жасалған 19 бомба жарылды.

Ел көлеміндегі операцияларда болса 13 террорист өлтірілді, 11 террорист берілді.



Ұқсас жаңалықтар