Грекия Түркияға қолдау білдірді

"Еуропада қағида – осындай жиналыстардың өткізілуі" деді.

690830
Грекия Түркияға қолдау білдірді

Грекияның Сыртқы істер министрінің Еуропа істеріне жауапты орынбасары Йоргос Катругалос Түркиямен әрқашан дос қатынас құруға тырысқандарын айтты.

Катругалос жеке меншік бір теле арнада түрік лауазым иелерінің Грекияда сайлау науқанына байланысты жиналыс өткізу ықтималына орай: «Түрік лауазым иелері сайлау науқандарында бұрын Фракияға да келді. Олардың осы жиналыстарына кедергі келтіруге ешбір себеп жоқ.  Еуропада қатынастарымызда проблема шығаратын келіспеушіліктерді асқындырмау керек» деді.

Катругалос сайлау алды атмосфераның мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарды бұзбауы керектігін меңзеп: «мен басқа елдердің ішкі саяси шешімдерін талқылай алмаймын.  Бірақ Еуропада қағида – осындай жиналыстардың өткізілуі» деді.



Ұқсас жаңалықтар