Президент Ердоған тікелей эфирде күн тәртібін бағалады

Президент Режеп Тайып Ердоған Германиядағы түрік азаматтарымен басқосу үшін жұмыстанғандарын атап айтты.

687754
Президент Ердоған тікелей эфирде күн тәртібін бағалады

Президент Режеп Тайып Ердоған 16 сәуір күні өтетін бүкілхалықтық референдум үшін Германиядағы азаматтарымен басқосу мақсатты жұмыстардың жүргізілгенін атап көрсетті.

ТРТ-нің арнайы тікелей эфиріне қонақ болған президент Ердоған шетелдегі түрік азаматтарына үн қатып, «Олардан жалғыз бір сұранысым бар. Президент Ердоған ретінде дауыс беруіңізді сұраймын. Қандай кедергі жасаса да, барып дауыс беріңіз. Сіз берген дауыстар батысқа, әлемге қайтаратын ең жақсы жауап болады» деді.

Ердоған «Азаматтарымызбен көңіл байланысымызды шектеп жатыр, не істесе де бұл байланысты ешкім үзіп тастай алмайды» деді.

Ердоған Ресей сапарымен байланысты болса алдынғы күн тәртібінің Сирия болатынын, одан басқа екі жақты ынтымақтастық пен аймақтық тақырыптардың қолға алынатынын білдірді.

Президент 16 сәуір күнгі бүкілхалықтық референдумда ұсынылатын атазаң өзгерісімен президенттік үкімет жүйесінде, премьер-министрлік қызметінің жойылатынын, парламенттің заң шығару және бақылаушы күшінің артатынын атап көрсетті.

Жаңа жүйемен президентті соттаудың алдының ашылатынын атап көрсеткен Ердоған Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіне де сайлауды жаңарту жауапкершілігінің берілгенін атап көрсетті.

«Халқымызға одан жақсы қызмет көрсету мәселеміз» деген Ердоған «(Республиканың құрылуының 100 жылдығы) 2023 жылы алғашқы 10 нысанамызға жаңа жүйе арқылы қол жеткізе аламыз» деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған атазаң өзгерісін, жүйеге қарасты бір тұрақтылықтың, сенімнің қалпына түсуі ретінде қабылдағанын атап, «Режимді өзгерту сияқты бір қайғымыз жоқ, 1923 жылы бұл мәселе шешілді» деді.

Президент қазіргі жүйенің Түркияда тұрақтылыққа қауіп төндіргенін атап, «Біз өзіміз үшін емес, еліміз үшін бір жүйе құрамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар