"ДАИШ террор ұйымымен күресіп жатқан жалғыз ел - Түркия"

Вице-премьер Нуреттин Джаникли ДАИШ террор ұйымымен күресіп жатқан жалғыз елдің Түркия екенін атап көрсетті.

685449
"ДАИШ террор ұйымымен күресіп жатқан жалғыз ел - Түркия"

Нуреттин Джаникли Хатайда Әділет және даму партиясының қалалық филиалы тарапынан ұйымдастырылған «Мықты және Үлкен Түркия жолында бұрыннан қазірге дейінгі қалалық әкімшіліктер басқосуы» жиналысында сөйледі.

Түркияның ПКК (бөлшектеуші террор ұйымы), FETÖ (Фетуллахшы террор ұйымы) және ДАИШ-пен (террор ұйымы) күрескенін еске салған Джаникли «‘ДАИШ-пен күресіп жатқан жоқсыз, тіпті қолдау бересіздер’ деп бізге халықаралық салада әдепсіз түрде шабуылдаушылар болды. Жалғыз күресіп жатқан біз болдық. Басқа ешбір мемлекет шынайы түрде күреспейді. Сирияның Әл-Баб ауданын бақылауға алған соң ДАИШ-тің бақылауындағы көптеген жер қақтығыспай бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ның Сириядағы тармағы PYD-ге қалдырылды. PYD болса Сирия режиміне қалдыруда. Осы жағдайға құдай үшін қараңдаршы. Біз осыларды бұрыннан білетінбіз. Енді жасырын еш нәрсе қалмады» деді.



Ұқсас жаңалықтар