Түркия Германияға қатал наразылық көрсетті

Боздағ Германия үкіметінің тұғырының қабылдауға болмайтынын баяндады.

683829
Түркия Германияға қатал наразылық көрсетті

Әділет министрі Бекир Боздағ және Экономика министрі Нихат Зейбекчинің Германияда жоспарланған жиналысына Германия рұқсат бермеді. Жиналыстың күшінен қалдырылуынан кейін Германияның Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Мартин Эрдманн Сыртқы істер министрлігіне шақырылды.

Еуропа қарым-қатынастарына жауапты кеңесшінің орынбасары Мехмет Кемал Бозай  Мартин Эрдманнды қабылдады. Бозай  тЭрдманнға Түркияның мазасыздығын және наразылығын жеткізді.

Германия елшісіне екі министрдің өткізетін жиналысына рұқсат бермеуінің демократиялық құқық мемлекетінің принциптеріне қайшы бір әрекет екенін білдірді.

Әділет министрі Бекир Боздағ та Германиядағы жиналыстың өткізілуіне рұқсат бермеуіне орай бір мәлімдеме жасады. Боздағ әрқашан адам құқықтары, демократия, құқықтың үстемділігі және сөз еркіндігі мәселесін қорғау жөнінде үнемі сөз қозғаған Германия үкіметінің біздің жиналыс өткізуімізге рұқсат бермегенін түсіндірді. Боздағ Германия үкіметінің осы тұғырының қабылдауға болмайтынын баяндады.

Еуропа одағы министрі және бас келіссөз жүргізуші Өмер Челик те әлеуметтік ақпарат арқылы наразылық көрсетті.

 

 



Ұқсас жаңалықтар