Президент Пәкістанға барады

Президент Ердоған Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының 13-ші жиналысына қатысады.

680772
Президент Пәкістанға барады

Президент Режеп Тайып Ердоған Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының 13-ші жиналысына қатысу мақсатымен 1 наурыз күні Пәкістанға барады.

Түрік бизнес әлемі президент Ердоғанның Пәкістан сапарының екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланысты жаңа өреге жеткізуін күтеді.

Сыртқы экономикалық байланыстар кеңесі Түркия мен Пәкістан Бизнес кеңесі төрағасы Атилла Йерликая аталмыш сапарда еркін сауда келісімінің де талқылануын күтетіндерін айтты. «Осы сапардың инвестициялар және сауданың алдын ашып,  жаңа серіктестік кезеңінің бастауы болатынына сенемін» деді ол.

Қытай-Пәкістан Экономика дәлізі жобасы аясында 50 миллиард долларлық инвестициямен Пәкістанның энергия және логистика инфрақұрылымы жаңаратынын еске салған Йерликая осы инвестицияларың Пәкістанның егіншілік және өнеркәсіп өндірісінің алдын ашатынын айтты.

Йерликая: «Анадолы тобы 2008 жылдан бері 6 зауыты және 500 миллион доллардан астам инвестициясымен Пәкістанда Зорлу тобы 10 жылдан бері Пәкістанда энергия саласына инвестиция салуда. Жақында 243 миллион долларға Пәкістанның беделді электронды бұйым өндірушісі Dawlance-ті сатып алған Коч тобы мүмкіндіктерді бағаландыруда» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар