ДАИШ мүшесі 14 террорист өлтірілді

Эль-Бабта террор ұйымы ДАИШ мүшесі 14 террорист өлтірілді.

677609
ДАИШ мүшесі 14 террорист өлтірілді

Сирияның солтүстігін террор ұйымдарынан тазалау үшін 24 тамыз күні Түркияның басшылығында басталған Евфрат қалқаны операциясы жалғасуда.

 Операция аясында Эль-Баб негізінен қоршау астына алынды. Эль-Бабта террор ұйымы ДАИШ мүшесі 14 террорист өлтірілді.

Евфрат қалқаны операциясының 183-ші күнінде  110 нысан әуеден және құрлықтан бомбаланды.

Әуе күштері қолбасшылығы террор ұйымы ДАИШ-ке тиесілі 21 нысанға әуе операция жасады.

Террористтер қолданған баспана, қорғаныс бекіністері, басқару штабы, қару және көліктер бомбаланды.

 



Ұқсас жаңалықтар