Сайлау үдерісі басталды

Түркияда сайлаушылар атазаңға өзгеріс енгізумен байланысты 7-ші рет өтетін бүкілхалықтық референдум үшін сандыққа барады.

673853
Сайлау үдерісі басталды

Жоғары сайлау кеңесі тарапынан Атазаңға өзгеріс енгізудің 16 сәуір күні бүкілхалықтық референдумға ұсынылуымен байланысты дайындалған сайлау күнтізбесіне қарағанда сайлау үдерісі басталды.

Түркияда сайлаушылар атазаңды реттеуге байланысты 7-ші рет өтетін референдуммен сандыққа барады.

Сайлаушылардың тізімі ауыл мен аудан басшылығы аймақтарында 18-26 ақпан күндері арасында жарияланады. Шетел сайлаушы тіркеуі болса сол күні "www.ysk.gov.tr" парақшасынан жарияланады. Ел көлемінде және шетелде сайлаушыларды тіркеу қорытындысы 10 наурыз күні нақтыланады.

27 наурыз күні кеден қақпаларында және шетелдік өкілдіктерде дауыс беру жұмыстары басталады.

9 сәуір күні шетелдік өкілеттіктерде дауыс беру жұмыстары аяқталады.

Шетелдік сайлаушыларға 57 елде 119 өкілеттік пен 32 кеден қақпасында құрылатын сандықтарда дауыс беру мүмкіндігі беріледі.

Ел көлемінде 16 сәуір күні дауыс қолданылады.

Бүкілхалықтық референдумда «Түркия Республикасы Жоғары сайлау кеңесі» тамғалы сары түсті конверттер мен ақ түсті және үстінде «Иә», қоңыр түстің үстінде «жоқ» деп жазылған екі бөлек түстен тұратын сайлаушы құжатымен «таңдау» мөрі қолданылады.



Ұқсас жаңалықтар