Президент Ердоған Әл-Араб газетіне сұхбат берді

Президент Режеп Тайып Ердоған Сирия дағдарысын «туннельдің соңындағы жарық көрінді» деген сөздерімен түсіндірді.

673510
Президент Ердоған Әл-Араб газетіне сұхбат берді

Президент Шығанақ елдеріне жасаған сапарының соңғы аялдамасы Катарда Әл-Араб газетіне сұхбат берді.

Ердоған сұхбатта екі ел ынтымақтастығынан бастап, Фетуллахшы террор ұйымы мемлекеттік параллельді құрылымының (FETÖ/PDY) 15 шілде күнгі төңкеріс әрекеті алдында батыс елдерінің ұстанымы және Сирия дағдарысы сияқты көптеген тақырыпта қойылған сұрақтарға жауап қайтарды.

Президент Ердоғанға алдымен екі ел ынтымақтастығы жайлы сұрақтар қойылды.

Түркия мен Катардың жақын ынтымақтасуының аймақтың болашағы тұрғысынан да маңызды екеніне назар аударған Ердоған бұл ынтымақтастықтың барлық аймақ елдеріне тарауы үшін шақыру тастады.

Екі ел арасындағы ынтымақтастыққа да тоқталған Ердоған 2014 жылы қол қойылған келісім аясында бұл салада қадамдардың жалғасатынына назар аударды.

Батыс елдердің 15 шілде күні ортаға қойған ұстанымды қалай бағалағаны жайлы сұрақ қойылған президент «15 шілде күнгі төңкеріс әрекеті кезінде батыс өкінішке орай сынақтан өте алмады. Мұны өздері де қабылдау керек. Бірнеше күннен кейін көңіл айтуға келді. Бұл демократияға және еркіндіктерге ие шығу тұрғысынан батыстың Түркияда 15 шілде күні лайықты ұстаным көрсете алмағаны» деген сөз» деп жауап қайтарды.

Президент Ердоған Әл-Араб газетіне берген сұхбатында «Туннельдің соңындағы жарық көрінді. Бұл жарықты өшірмей, одан да кеңейтіп, туннельден, хаостан шығуымыз керек. Женева келіссөздері бұл тұрғыдан маңызды. Сирия мәселесінің шешімі тұрғысынан құрметті Трамп кезеңінде АҚШ ортаға қоятын ұстанымға қоса Сауд Арабиясы мен Катар сияқты аймақ елдерінің де маңызды үлес қосатындарына сенемін» деді.



Ұқсас жаңалықтар