Түркиядағы босқын саны жарияланды

Ел көлемінде үш жарым миллион босқын тұрады.

673166
Түркиядағы босқын саны жарияланды

Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу Түркияда босқын немесе келімсек ретінде тұратындар санының 3 миллион 551 мың 78 екенін білдірді.

Сойлу «Көш саясаттары кеңесі» жиналысында сөйлеген сөзінде Сирия және Ирактағы қантөгіс салдарынан басталған көш толқынының жаңа бір ұжымдық құрылымды қажет қылғанын айтты.

Ішкі істер министрлігі жанында Көш басқармасының құрылғанын еске салған министр Түркияның осы тақырыпта әлемге үлгі болғанын атап көрсетті.

Министр Сойлу «Біз осы жауапкершілікті батыстық достарымыз секілді тек Айлан нәресте жағаға келіп соққанда ғана байқамадық» деді.

Сүлейман Сойлу ешкімге есігін жаппайтын, жұртты оқ пен бомбаларға кері қайтармайтын Түркияның бүгін 3 миллион 551 мың 78 босқынға мекен болғанын білдірді.

«Еуропа Одағына мүше елдер қабылдаған сириялық босқын саны 866 мың 831. Түркиядағы босқын саны бұлардан 3,3 есе көп» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар