Ердоған Трамппен сөйлеседі

Ақ Үйдің мәлімдемесіне қарағанда, Трамп бүгін түнде Түркия уақытымен  сағат 00,05-те президент Ердоғанмен сөйлеседі.

667345
Ердоған Трамппен сөйлеседі

Президент Режеп Тайып Ердоған Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлеседі.  

Ақ Үйдің мәлімдемесіне қарағанда, Трамп бүгін түнде Түркия уақытымен  сағат 00,05-те президент Ердоғанмен сөйлеседі.

Мәлімдемеде сонымен бірге телефон әңгімесінде екі жақты қатынастар және аймақтық тақырыптардың қолға алынатыны білдірілді.

Президент Ердоған Дональд Трампты 8 қараша күнгі сайлаудан кейін телефон шалып,  құттықтаған болатын.

Осы әңгімеде Түркия мен АҚШ-тың өзара құрмет, ортақ мүдделер және ортақ құндылықтар негізінде екі одақтас екеніне назар аударған Ердоған екі жақты қатынастардың одан сайын нығая түсетініне сенетінін білдірген еді.

Ердоған мен Трамп терроризммен күрес сынды аймақтық және халықаралық тақырыптарда ынтымақтасуға табанды екендерін де атап көрсеткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар