Президент Ердоған мен Германия канцлері басқосты

Германия канцлері Ангела Меркель Анкара байланысын бастады.

664237
Президент Ердоған мен Германия канцлері басқосты

Түркияға ресми сапар аясында келген Германия канцлері Президенттік сарайда президент Режеп Тайып Ердоғанмен оңаша кездесті.

Екі басшы кездесудің артынан ортақ баспасөз жиналысы өткізді.

Президент Ердоған «Кездесу барысында әскери, саяси, экономикалық және саудаға қатысты барлық салаларда террор оқиғаларын қолға алуға мүмкіншілік таптық. Түркия-Германия арасындағы қарым-қатынастарды бағаладық. Саяси ынтымақтастықта әрі Еуроодақ кезеңі, әрі НАТО-мен байланыстар тақырыбын бағалау мүмкіншілігі болды. Эгейдегі жаңалықтарды қолға алдық. Аймақтық мәселелер жайында әсіресе Сирия мен Ирактағы мәселелерді талқыладық. Босқындар мәселесін сөйлестік. Террормен күрес аясында не істей алатынымызды ақылдастық. Түркия ретінде осы тақырыпта жеңілдік жасауымыз мүмкін емес» деді.

Президент Ердоған «Германия 3 миллион азаматымыз өмір сүрген бір ел. Ынтымақтастығымыз аса маңызды. Екі НАТО одақтасы ел болғанымыз себепті Германияның біздермен кеңесуі орынды. Бұл ынтымақтастық алдында Украина дағдарысында қалай үлгі болса, оны қазір де жақсы жалғастыру керек» деді.

Ангела Меркель премьер-министр Бинали Йылдырыммен де бас қосып, ортақ баспасөз жиналысы ұйымдастырады.

Меркель 15 шілде күні ФЕТӨ-нің табыссыз аяқталған төңкеріс әрекеті кезінде F-16 соғыс ұшақтарының шабуылында парламент ғимаратын ың зиян келген бөлімдерін аралайды.



Ұқсас жаңалықтар