Түркия Канададағы шабуылды айыптады
Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасап, террор шабуылын қатал түрде айыптады.
Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасап, террор шабуылын қатал түрде айыптады.
Түркия Канаданың Квебек провинциясында мешіт ретінде де қолданған Квебек-Сити Ислам мәдениет орталығына ұйымдастырылған террор шабуылды қатал түрде айыптады.
Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде «Қасиетті бір орында ғибадат еткен бейуаз адамдарды нысанаға алған шабуылда қаза тапқандардың жатқан жері жаннат, топырағы торқа болсын, жарақаттар тез сауығып кетсін» делінді.
Мәлімдемеде «Канада үкіметінің осы оқиғаны тез тергеуге алатынына сенеміз. Бұл оқиға түрлі нәсіл мен діндегі адамдардың бейбітшілік ішінде өмір сүрген Канаданы нысанаға алуда. Канаданың тыныштығын нысанаға алған осы шабуылды қатал айыптаймыз. Дос және одақтас Канадамен селбесу ішінде боламыз» деген сөздерге орын берілді.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған "Бүкіләлемдік қоршаған орта күніне" орай хабарлама жасады
Президент Ердоған «5 маусым Бүкіләлемдік қоршаған орта күніне» орай хабарлама жариялады.
Хакан Фидан Үрімжі мен Қашқарда
Хакан Фидан Қытайға жасаған 3 күндік сапарының соңғы күнінде Үрімжі және Қашқар қалаларына барды.