Ердоған Путинмен кездеседі

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков кездесуде растады.

662214
Ердоған Путинмен кездеседі

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков РФ президенті Владимир Путин және ТР президенті Режеп Тайып Ердоғанның наурыз айында жоспарланған кездесуі бар екенін растады.

Песков Путин мен Ердоғанның Ресей-Түркия Жоғары деңгейдегі ынтымақтастық кеңесі жиналысы аясында наурыз айында бас қосатыны жөніндегі бір сұраққа «Иә, қазір кездесудің дайындықтарын жасап жатырмыз» деп жауап берді.

Президент Ердоған аталмыш жиналыс аясында Ресейге барады және Путинмен оңаша кездеседі.

Кездесуде Сирия сынды халықаралық және өңірлік тақырыптардың басы ашылады.

Жоғары деңгейдегі ынтымақтастық кеңесі жиналысының соңғысы 2014 жылдың желтоқсан айында өткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар