Төңкерісшілер туралы екінші папка Грекияға жіберілді

Министрлік сондай-ақ 8 төңкерісшіге қызыл бюллетенмен іздеу салу туралы Интерполға жазу жазды.

660405
Төңкерісшілер туралы екінші папка Грекияға жіберілді

Әділет министрлігі Фетуллахшы террор ұйымы мемлекеттік параллельді құрылымының (FETÖ/PDY) 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінің артынан Грекияға қашқан төңкерісшілердің ұстап беру жайлы екінші папканы Грекияға жіберді.

Министрлік сондай-ақ 8 төңкерісшіге қызыл бюллетенмен іздеу салу туралы Интерполға жазу жазды.

Стамбұл 12-ші Жаза соты болса 8 төңкерісші жайлы тұтқындау жариялады.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу болса төңкеріс әрекетінің артынан Грекияға қашқан төңкерісшілерді кері қайтарылмауын сынға алып, наразылық көрсетті.

Чавушоғлу «Грекиямен арамыздағы екі жақты қылмыскерлерді ұстап беру келісімін жою үшін қажетті қадамдарды басамыз» деді.

Түркия Грекиядан төңкерісші әскерлерді қайтаруын талап еткен болатын.

Төңкерісшілердің жағдайлары жергілікті сот мекемелері тарапынан қолға алынып, үш әскердің Түркияға кері қайтаруға шешім қабылданған, 5 әскерді қайтару туралы талап кері қайтарылған еді.

Грекия Аппеляция соты бас прокуроры Антонис Лиогас ұстап беру талабы кері қайтарылған төңкерісшілермен байланысты Жоғары сотқа арыз беріп, соттың Түркияға кері қайтару жайлы шешім қабылдаған 3 төңкерісші үшін шағымданған болатын.

Грекия Жоғары соты (Arios Pagos) болса кеше FETÖ/PDY террор ұйымының төңкеріс әрекетінің артынан Грекияға қашқан 8 төңкерісшінің Түркияға қайтарылмауы жөнінде шешім қабылдаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар