Ердоғанның Шығыс Африка туры аяқталды

Ердоғанның үш елді қамтыған Шығыс Африка туры аяқталды.

660028
Ердоғанның Шығыс Африка туры аяқталды

Президент Режеп Тайып Ердоғанның үш елді қамтыған Шығыс Африка туры аяқталды.

Ердоған Шығыс Африка елдеріне жасаған сапардың экономикалық қарым-қатынастармен қатар Фетуллахшы террор ұйымымен күресу тұрғысынан да өте маңызды екенін айтты.

Президент Режеп Тайып Ердоған елге оралғанда ұшақта күн тәртіпке байланысты мәлімдеме жасады.

Африка елдерімен қарым-қатынастардың тек экономикамен ғана шектелмегенін айтқан Ердоған «Шығыс Африка елдерінде Фетуллахшы террор ұйымы шоғырлануда. Африканың ең маңызды орталығының бірі Оңтүстік Африка. Алла бұйырса ол елег де барамыз» деді.

Түркия мен Америка Құрама Штаттары қарым-қатынастарына да тоқталған Президент Ердоған жаңа Президент Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлескенін, бұдан кейін тез арада бетпе-бет көрісетінін айтты.

Ердоған Түркия-АҚШ қарым-қатынастарының стратегиялық ортақ екенін түсіндірді. 



Ұқсас жаңалықтар