Жаңа заңдық жарлықтар ресми газетте жарияланды

Төтенше жағдайлар (OHAL) аясында дайындалған 4 жаңа заңдық жарлық ресми газетте жарияланды.

657268
Жаңа заңдық жарлықтар ресми газетте жарияланды

Аталмыш жарлықпен 7 адамнан тұратын «Төтенше жағдайларды тексеру комиссиясы» құрылды.

Комиссия террор ұйымдарына немесе Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі тарапынан мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне қарсы жұмыстанғаны жайлы шешім қабылданған құрылым немесе топтарға мүшелігі, бағынуы, қосылуы немесе осылармен байланысы бар екені себепті бір басқару жүйесі құрылмай тікелей жарлық үкімдерімен басталған жұмыстарға қатысты арыздарды бағалап, шешім қабылдайтын болады.

Комиссияда мүшелердің үштен бір бөлігі мемлекеттік қызметкерлер арасынан премьер-министр тарапынан, 1 мүше Әділет министрлігінің орталық ұйымымен оған қарасты және тиісті мекемелерде жұмыс істейтін сот төрешісі және прокурорлар құрамынан Әділет министрлігі тарапынан, 1 мүше әкімшілік жетекшілігіне ие қызметкерлер арасынан Ішкі істер министрі тарапынан, бір бірден мүшелер болса Жоғары сот пен Жоғары әкімшілік сотында қызмет атқаратын тексеру төрешілері арасынан Төрешілер және прокурорлар жоғары кеңесі тарапынан тағайындалады.

Мемлекеттік қызметтен, міндеттен немесе қызмет атқарылған ұйымнан босату немесе байланысын үзу, студенттікпен байланысын үзу, қоғамдар, қорлар, кәсіподақтар, федерациялар және конфедерациялар, жекеменшік денсаулық сақтау мекемелері, жекеменшік оқу орындары, өкілетті кеңесі бар жоғары оқу орындары, жекеменшік радио және теледидар мекемелері, газет және журналдар, хабар агенттіктері, баспаханалар және тарату қызметтері, отставкадағы қызметкер болса мәртебесін түсіру комиссияның міндеттері арасында орын алады.

Комиссия міндеті аясында қажет жағдайда әртүрлі ақпарат пен құжатты, мемлекеттік құпияларға қатысты ережелерді сақтау шартымен, мемлекеттік мекеме мен органдарға қоса соттардан талап етеді.

Басқа жағынан жаңа жарлықпен тергеу мерзіміне қатысты да реттеулер енгізілді.

Жарлықпен тергеу мерзімі 30 күннен 7 күнге қысқарды.

Террормен күрес заңы аясына кіретін қылмыстар мен топтық жасалған қылмыстар себепті тергеуге алынған адамдар жайлы тергеу мерзімі көптегенде 30 күн болып жалғасады.



Ұқсас жаңалықтар