Президент Ердоған Танзанияда

Президент Режеп Тайып Ердоған Шығыс Африка турының алғашқы аялдамасы Танзанияда.

656948
Президент Ердоған Танзанияда
cumhurbaşkanı tanzanya işadamları.jpg
cumhurbaşkanı tanzanya halk.jpg

Президент Ердоған Дар-эс-Саламдағы Джулиус Ньерере Халықаралық әуежайында Танзания премьер-министрі Кассим Маялива, Түркияның Дар-эс-Салам өкілетті және төтенше елшісі Ясемин Эралп және өкілетті елшілік қызметкерлері тарапынан қарсы алынды.

Президент Ердоған қолында Түркия мен Танзания жалауларын ұстаған жұртшылықпен әңгімелесті.

Президент Ердоған кейін болса Сыртқы экономикалық ынтымақтастық кеңесінің ұйымдастыруымен түрік іскерлерімен бас қосты.

Баспасөзге жабық өткен жиналысқа Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу, Экономика министрі Нихат Зейбекчи, Энергия және табиғи ресурстар министрі Берат Албайрак, Сыртқы экономикалық ынтымақтастық кеңесі төрағасы Өмер Челеби Варданмен көптеген іскер қатысты.

Президент сол елдегі ресми баланыстарын бүгін бастайды.

Танзания елбасы Джон Помбе Магуфули президент Ердоғанды Икулу мемлекеттік сарайында қарсы алды.

Басшылар оңаша кездесудің артынан делегация аралық кездесуге басшылық жасайды.

Әртүрлі салаларда келісім-шарттарға қол қоюдың артынан ортақ баспасөз жиналысы өткізіледі.

Ердоған мен Магуфули кейін іскер форумына басшылық жасайды.

Президент Ердоған байланыстарын аяқтаған соң Шығыс Африка турының екінші аялдамасы Мозамбикке өтеді.



Ұқсас жаңалықтар