ДАИШ-ке тиесілі 194 нысан күйретілді

Евфрат қалқаны операциясы жалғасуда.

657053
ДАИШ-ке тиесілі 194 нысан күйретілді

Сирияның солтүстігін террор ұйымдарынан тазалау үшін 24 тамыз күні Түркияның басшылығында басталған Евфрат қалқаны операциясы жалғасуда.

Евфрат қалқаны операциясы аясында террор ұйымы ДАИШ-ке тиесілі 194 нысан күйретілді, 65 террорист өлтірілді.

Түрік әуе күштеріне тиесілі ұшақтардың Баб және Бзагах аймақтарына ұйымдастырылған әуе операциясында ДАИШ тарапынан қолданылған 6 басқару ғимараты, 7 паналау лагері және 1 бомбалы көлік өндіру орны жойылды.

Коалиция күштеріне тән ұшақтар тарапынан ұйымдастырылған операцияда болса 1 танк, 4 көлік күл талқаны шығарылды.

 



Ұқсас жаңалықтар