Министр Чавушоғлу Астанада өтетін Сирия келіссөздерін бағалады

Сыртқы істер министрі Астана келіссөздері тақырыбында Ресеймен ортақ көзқараста екендерін мәлімдеді.

653725
Министр Чавушоғлу Астанада өтетін Сирия келіссөздерін бағалады

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Қазақстанның елордасы Астанада өтетін Сирия келіссөздеріне Америка Құрама Штаттарының қатысуы тақырыбында Ресеймен ортақ көзқараста екендерін білдірді.

Чавушоғлу Қазақстанда өтетін Сирия келіссөздеріне қазірше БҰҰ, Түркия, Ресей, Иран және АҚШ-тың қатысатынын атап көрсетті.

Сыртқы істер министрі Чавушоғлу кеше Анкарада жасаған мәлімдемеде Астана келіссөздерін 23 қаңтар күні өткізуді жоспарлағандарын білдірді.

Жиналыс алдында мамандардың Астанада басқосатынын атап көрсеткен Чавушоғлу «Түркия, Ресей және Иран басқосатын елдер» деді.

Ресей мен Сирияда атысты тоқтату бітімін бұзғандарға берілетін жазалармен байланысты жұмыстанған құжат жайында да Чавушоғлу санкциялармен байланысты дайындықтардың жалғасқанын, әлі толықтырылмағанын түсіндірді.

Министр Чавушоғлу «Өкінішке орай режим мен кейбір топтардың бітімді бұзғанына куә болудамыз. Тіпті әуе шабуылдары да болуда. Кешегі телефон әңгімемізде Лавров мырзаның қайта есіне салдым. Сіз де кепіл ретінде өз жауапкершілігіңізді орындаңыз. Әсіресе режим қол қойған келісім мәтінінің кепілі Ресей, басқа тараптан Иранмен байланысты да бірдей нәрселерді әңгімелесеміз» деді.

Бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ның Сирия тармағы YPG-нің міндетті түрде Астанада орын алмайтынын атап көрсеткен Чавушоғлу «Бір террор ұйымының келіссөз үстеліне отыруын қабылдамаймыз. Осыған рұқсат бермейміз. Бұл тақырыптағы ұстанымымызды досымыз Ресейде жақсы біледі» деді.



Ұқсас жаңалықтар