"Ұйғыр болуы мүмкін"

Түнгі клубқа шабуылдаған террористтің кім екенін қауіпсіздік күштері біледі.

644914
"Ұйғыр болуы мүмкін"

Вице-премьер Вейси Кайнак Стамбулда түнгі клубта жаңа жыл күні 39 адамды өлтірген террористтің ұйғыр болуы мүмкін екенін айтып: «Аты-жөнін қауіпсіздік күштері біледі» деді.

Вейси Кайнак жеке меншік бір арнаның сұрақтарына жауап берді.

 Вице-министр террористтің әдейі дайындықтан өткен террорист екенін айтты.

Террористтің кім екені және кімдермен байланысқаны да анықталды. Вице-министрдің айтуынша террористтің ұйғыр болу ықтималы жоғары.

«Ықтималдардың барлығы тексерілуде. Іс жүзінде шабуылды бір адам жасады» деді ол.

Кайнак «Заманауи Түркияны танитын және жаңа жылды Түркияда қарсы алғысы келген шетелдік туристер қаза тапты,  өкінішке орай.  Шабуыл барлығымызды қинады» деді.



Ұқсас жаңалықтар