Премьер-министр Йылдырым Алан Дунканды қабылдады

Йылдырым Ұлыбритания сыртқы істер министр орынбасары Алан Дунканды қабылдады.

644492
Премьер-министр Йылдырым Алан Дунканды қабылдады
tufan erhürman.jpg

Премьер-министр Бинали Йылдырым Анкарада болған Ұлыбритания сыртқы істер министр орынбасары Алан Дунканды қабылдады.

Премьер-министрлік сарайындағы кездесу 45 минут жалғасты.

Кездесуде Түркияның Еуропа Одағына мүшелік процесі, Кипрдағы келіссөздердегі соңғы жағдай, босқын тақырыбында ынтымақтастық, қорғаныс өнеркәсіп саласында байланыс және террормен күресу жөнінде пікір алмасты.

Премьер-министр Бинали Йылдырымның басқа бір қонағы Солтүстік Кипр Түрік Республикасы басты оппозиция партиясы Республикашыл түрік партиясы төрағасы Туфан Ерхүрман болды.

Кездесуде Түркия мен Солтүстік Кипр Түрік Республикасы арасындағы қарым-қатынастар және Аралдағы келіссөз процесі қолға алынды. 



Ұқсас жаңалықтар