Қарулы шабуылда екі адам шейіт болды

Қаһарман полиция қырғынның алдын алды.

645322
Қарулы шабуылда екі адам шейіт болды

Измир қаласында Әділет сарайы алдында болған жарылыста бір полиция қызметкері мен Әділет сарайы қызметкері шейіт болды.

Измир қаласы әкімі Ерол Аййылдыз Әділет сарайына алдына жақындаған бомба тиелген көлікті полиция қызметкерлері тоқтатуға тырысқанын білдірді. Осыған орай көліктен түскен террористтер қаша бастады.

Террористтер қашқаннан кейін көлікте жарылыс болып, полиция қызметкерлері мен террористтер арасында қақтығыс шықты.  Артынан террористтердің өлтірілгенін айтқан қала әкімі Аййылдыз қарулы шабуыл барысында бес адамның жарақат алғанын айтты.  Жаралылардың үшеуі полиция қызметкері.

Аййылдыз террористтермен бірге екі дана калашников мылтық, сегіз граната және снаряд сынды басқа да қару қолға түскенін айтты.

Сол жердегі басқа бір күдікті көлікті де полиция қызметкерлері жарды. Қала әкімі қарулы шабуылды террористтік ұйым PKK жасаған деп болжап отыр.

Измир қаласы прокуроры  Мұстафа Доғру болса үш прокурор және бір прокурор орынбасарының осы оқиғаға байланысты міндеттендірілгенін білдірді.

Вице-премьер Вейси Кайнак та оқиғаға байланысты полиция қызметкерінің мұқият болуына орай үлкен қырғынның алды алынғанын айтты.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар