Ердоған мен Обама телефонда сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Америка Құрама Штаттары президенті Барак Обамамен телефон арқылы сөйлесті.

643612
Ердоған мен Обама телефонда сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Америка Құрама Штаттары президенті Барак Обамамен телефон арқылы сөйлесті.

Обама Стамбұл Ортакөйде бір түнгі клубқа ұйымдастырылған және 17 желтоқсанда Кайсериде болған  қарулы террор шабуылына байланысты Президент Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айтты. Обама жазықсыз адамдардың қаза табуына қатты қайғырғанын атап, түрік халқы мен қаза тапқандардың туысқандарына көңіл айтты.

Екі лидер телефондағы әңгімесінде террормен күресу тақырыбында Түркия және АҚШ-тың бірге жалғасты жұмыс істейтіндерін түсіндірді.

АҚШ президенті Обама Сирияда атыстың тоқтатылуы мақсатымен Түркияның аймақта атсалысқанына риза болғанын білдірді.

Екі лидер Ирак және Сирияда террор ұйымы ДАИШ-ке қарсы күресудегі соңғы жағдайды қолға алды. Президент Ердоған мен Обама осы тақырыпта Түркия мен АҚШ-тың жалғасты ынтымақтастық жасайтыны жөнінде келісті.

Кипр мәселесі тілге тиек болған әңгімеде екі лидер келіссөздердің сәтті түрде аяқталуын үміт еткендері атап өтілді.



Ұқсас жаңалықтар