Косово президенті мәжілісте болды

Хашим Тачи мәжіліс төрағасымен кездесті.

640332
Косово президенті мәжілісте болды

Косово президенті Хашим Тачи президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен кеше Түркияға келді.

Хашим Тачи Косово президенті сыпатымен Түркияға бірінші рет келді.

Қонақ президентті Анкара әуежайында Отбасы және әлеуметтік саясаттар министрі Фатма Бетүл Саян Кая қарсы алды.

Тачи бүгін алдымен Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Исмаил Кахраманмен кездесті.

Мәжіліс төрағасы Кахраман мен қонақ президенттің кездесуі баспасөзге жабық түрде 45 минут болды.

Кездесуден кейін қонақ президент мәжіліс төрағасының орынбасары Ахмет Айдынмен бірге 15 шілде күні бомбаланған жерлерді аралады.

Косово президенті 15 шілде шейіттері ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.



Ұқсас жаңалықтар