Ішкі істер министрі қала әкімдерін тағайындау рәсіміне қатысты

Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу әлемнің Түркияның аймақтық күшке айналуын қаламағанын білдірді.

639250
Ішкі істер министрі қала әкімдерін тағайындау рәсіміне қатысты

Сүлейман Сойлу 102-ші кезең қала әкімдерін тағайындау рәсіміне қатысты.

Әлемнің 21-ші ғасырға жаппай көш және террордың қолтаңба қалдырған бір көрініспен басталғанын атап көрсеткен Сойлу 2002 жылдан бері маңызды жаңалықтар мен өркендеу бастамаларын ортаға қойған Түркияның Таяу Шығыс жағрапиясында 21-ші ғасырдың түнектегі жүзімен көрші ретінде трагедиялардың әр түрлісімен бетпе-бет қалып, жартылай ықпалына душар болғанын білдірді.

Сойлу террор ұйымдары ПКК, КЖК, ФЕТӨ, ДАИШ және ЙПГ-ге қолдау берген жаһандық күштердің Түркияға тізе бүктіруге тырысқандарын бірақ табысқа жете алмағандарын білдірді.

Сойлу «ФЕТӨ 15 шілде күні ұлтынан жеген шапалақтың үстіне барлық байланыстары әшкереленіп тазалануда. ДАИШ батыр армиямыз жүргізген Евфрат қалқаны операциясымен жойылуда. ПКК мен оның тармақтары болса жойылудың есігінде. Жаңғырық туғызатын бомбалы шабуылдарымен өзін құтқарудың жолын іздестіруде. Түркияның барлық осы күрестеріне қоса инвестициялары жалғасуда. Отандық ұшағын, отандық көлігін, отандық қаруларын жобалауда. Оған қоса жаңа атазаң жұмыстарымен өзін болашаққа жеткізетін заңдық инфрақұрылымын жасауда» деді.



Ұқсас жаңалықтар