Ердоған мәлімдеме жасады

Ердоған Буяр Нишанимен бірге  ортақ баспасөз мәслихатын ұйымдастырды.

635513
Ердоған мәлімдеме жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған Түрік Қарулы Күштерінің Евфрат қалқаны операциясы аясында Сирияның Эль-Баб қаласының Түрік әскерлері және Еркін Сирия армиясы тарапынан қоршау астына алынғанын жариялады.

Президент Режеп Тайып Ердоған Президенттік Сарайында кеше Албания президенті Буяр Нишанимен ортақ баспасөз мәслихатын ұйымдастырды.

Террор ұйымы ДАИШ-тің әртүрлі шабуыл жасағанын баяндаған президент  Ердоған «Эль-Бабтың қысқа уақыт ішінде азат болуын тілеймін. Сол кезде халық өз ата-мекеніне бару мүмкіндігін табады» деді.

Президент Ердоған сонымен қатар Ресей Федерациясының Түркиядағы елшісі Андрей Карловка қарулы шабуыл жасаған Мәвлүт Мерт Алтынташтың Фетуллахшы террор ұйымы мүшесі екенін жариялады.

Президент Режеп Тайып Ердоған жасаған мәлімдемесінде Түркия-Албания қарым-қатынастарына да тоқталды.

Ердоған Албанияның Балканның тұрақтылығы үшін маңызды бір ел екенін түсіндірді. Ердоған Фетуллахшы террор ұйымымен күресу жөнінде Түркияға берген қолдауына Албания президенті Буяр Нишаниге алғыс айтты. 



Ұқсас жаңалықтар