Қорғаныс министрі Ышык Мәскеуге барды

Фикри Ышык Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгумен  кездесті.

634832
Қорғаныс министрі Ышык Мәскеуге барды

Ұлттық қорғаныс министрі Фикри Ышық Ресей Федерациясының Түркиядағы елшісі Андрей Карловқа ұйымдастырылған қастандық шабуылдың артқы жағында тығылғандарды сөзсіз табатындарын айтты.

Фикри Ышыу Сирия дағдарысын және Халебтегі оқиғаны қолға алу үшін Мәскеуге барды. Ышык Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгумен кездесуінде Түркияның қайғырғанын білдіріп, Карловтың отбасы мен орыс халқына көңіл айтты.

Шабуылды «террор шабуылы» деп түсіндірген Ышык шабуылмен байланысты мағлұматтарды Ресеймен бөліскенін айтты.

Түркияның Ресеймен Сирияда ынтымақтастық жасағанына тоқталған Ышык «Сирия дағдарысы және Халебтегі оқиғалармен байланысты кездесулеріміздің тек осы тақырыптың шешімі ғана емес, түрік-орыс қарым-қатынастарының дамуына үлес қосады» деген сөздер қолданды. 


Этикеттер: #Ресей , #Түркия , #Халеб

Ұқсас жаңалықтар