Орыс елшісіне қастандық

Ресей Федерациясының Түркиядағы елшісі Андрей Карлов Анкарадағы қастандықта қаза тапты.

633968
Орыс елшісіне қастандық

Ресей Федерациясының Түркиядағы елшісі Андрей Карлов Анкарадағы бір сурет көрмесіне қатысқан кезде қарулы шабуылдың кесірінен қаза тапты.

Карловтың қайтыс болу хабарын Ресей Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Мария Захарова хабарлады.

Захарова Ресей Сыртқы істер министрлігі ғимаратында орыс журналисттеріне жасаған мәлімдемесінде оқиғаны «террор шабуылы» деп түсіндірді.

Захарова «Терроризммен күресуді жалғастырамыз» деді.

Түркия ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу және Ұлттық қорғаныс министрі оқиға жеріне барып, лауазымдардан мағлұмат алды.

Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу орыс елшісі Андрей Карловтың қаза табуына жол ашқан қастандықты жасаушының екі жылдық полиция қызметкері Мевлүт Мерт Алтынташ екенін хабарлады.

Сойлу оқиғаның артында кім бар екенін жақында табатындарын айтты.

Министр қастандыққа байланысты Түркияның қайғырғанын білдіріп, Карловтың отбасы мен орыс халқына көңіл айтты.

Қастандықта қаза тапқан Андрей Карлов 2013 жылы шілде айынан осы таңға дейін Ресей Федерациясының Түркиядағы елшісі болып міндетін жалғастырып келген еді.

Мәскеуде дүниеге келген 62 жасындағы  Андрей Карлов үйленген және бір баласы бар. 



Ұқсас жаңалықтар