Стамбулда қаза тапқандардың хикаясы

Кейбірі студент, кейбірі жаңа отау құрған,  кейбірі әке болуға дайындалып жүрген 44 жан...

629599
Стамбулда қаза тапқандардың хикаясы

Түркия Стамбулда сенбі күні болған терактте қаза тапқан 44 азаматына қайғыруда.

Кейбірі студент, кейбірі жаңа отау құрған,  кейбірі әке болуға дайындалып жүрген 44 жан...

Терактте қаза тапқандар арттарында шала қалған хикаялар, жетім балалар, жұбайлар мен отбасылар қалдырды.

Міне, кейбірінің қайғылы және қысқа хикаялары:

НАЗИФ ЭМРЕ ХОРОЗ

Кония қаласының тумасы полиция қызметкері Назиф Эмре Хороз 24 жасында болатын.  Үйленгеніне екі жыл болған. Артында алты айлық егіз қыздары қалды.

ХҮСЕЙІН ДАЛКЫЛЫЧ

Измир қаласының тумасы 33 жасар Хүсейін Далкылыч 6 жылдық полиция қызметкері болатын. 1,5 жасар қызы бар Далкылычтың өзі секілді полиция қызметкері жұбайы Чигдем Далкылычтың аяғы ауыр болатын. Қаңтар айында екінші рет әке атанар еді.

ИЛКЕР УЙЛАШ

Хатай қаласының тумасы шейіт полиция қызметкері Илкер Уйлаш болса 27 жасында еді.  Уйлаш 5 ай бұрын отау құрған болатын.

АДЕМ СЕРИН

24 жасар шейіт Адем Сериннің қайғылы хабары Газиантепте тұратын отбасын күйзелтті. Серин 1 айдан кейін қалыңдығына сырға салу үшін еліне баруды жоспарлап отыр еді.

ЯСИН ИКЕ

Опасыз шабуылда қаза тапқан Кайсери тумасы полиция қызметкері Ясин Ике 31 жасында болатын. Ясин Икенің 49 жасар анасы баласының қазасына шыдай алмай, жүрек инфаркты болды.

ОҒУЗХАН ДУЯР

21 жасар полиция қызметкері Оғузхан Дуяр полиция қызметіне 7 ай бұрын кірген еді. 28 желтоқсан күні туған күні екенін айтқан анасы Нуран Дуяр «Туған күніне келейін деп отыр едім. Моргтан алып барамын» деді.

МҰСТАФА БЕРКАЙ АКБАШ

Беркай Акбаш 19 жасында болатын. Өмірінің көктемінде. Башкент Университетінің Медицина факультеті студенті.  Акбаш университетте емтихандары аяқталған соң демалу үшін достарымен бірге Анкарадан Стамбулға барған болатын. Екі күндік саяхат оны соңғы сапарына жетеледі.

ИСМАИЛ КОЧ

Мимар Синан атындағы Көркем өнер Университетінің графика кафедрасының түлегі Исмаил Коч көп жылдар бойы жарнама және өнер саласында істеді.  Артында 3 айлық аяғы ауыр жұбайын қалдырып кете барды.

 



Ұқсас жаңалықтар