Опасыз шабуылда қаза тапқандар саны 44-ке ұласты

Денсаулық министрі мәлімдемені Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Жалпы кеңесінде жасады.

628812
Опасыз шабуылда қаза тапқандар саны 44-ке ұласты

Денсаулық сақтау министрі Режеп Акдағ Стамбұлда 10 желтоқсан сенбі күні кешкі уақытта жасалған опасыз шабуылда қаза тапқандар санының 44-ге ұласқанын мәлімдеді.

Режеп Акдағ мәлімдемені Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Жалпы кеңесінде жасады.

Акдағ «37 полиция шәйіт болып, 7 жазықсыз адам қаза тапқан өте ауыр және қанды бір шабуылмен бетпе-бет қалдық. Екі күннен бері ұйықтамай Денсаулық министрі ретінде тікелей мәселемен шұғылданып отырмын» деді.

Стамбұлда полиция дирекциясына көңіл айтуға барған Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу болса бұл шабуылға ең қатаң түрде жауап қайтаратындарын білдірді.

Сойлу 98 жаралының ауруханаларда ем қабылдап жатқанын білдірді.

Сойлу «Бағытымыз, жасайтындарымыз, уәдеміз бен келісіміміз ашық және тұрақтылығымыз да анық» деді.



Ұқсас жаңалықтар