Нуман Куртулмуш ТРТ-нің арнайы бағдарламасына қатысты

Куртулмуш тікелей эфирде күн тәртібімен байланысты сұрақтарға жауап қайтарды.

622103
Нуман Куртулмуш ТРТ-нің арнайы бағдарламасына қатысты

Вице-премьер Нуман Куртулмуш Евфрат қалқаны операциясы аясында Сириядағы Түрік қарулы күштеріне 24 қараша күні жасалған және 4 әскер шәйіт болған әуе шабуылының жауапкерлерін іздестіретіндерін атап көрсетті.

Нуман Куртулмуш ТРТ Хабер арнасында қатысқан тікелей эфирдегі арнайы бағдарламада күн тәртібін бағалады.

Куртулмуш Түрік қарулы күштеріне бағытталған әуе шабуылымен байланысты «Оқиға кезінде қандай ұшақтар мен әуе көліктерінің сол аймақта екені анықталған, қолымызда жазылған таспалар бар. Түркия бұл оқиғаны жарыққа шығарады. Ақыры бұл операцияны кім жасаған әйтеуір ортаға шығады» деді.

Халықаралық қоғамның міндетінің әсіресе Сирия режимінің Халебке бағытталған аяусыз шабуылдардың тоқтатылуын қамтамасыз ету екенін тілге тиек еткен Куртулмуш «Сол жердегі адамдарға ең кемінде өлмейтіндей гуманитарлық жәрдемдердің жеткізілу керек. Түркия ретінде біз бір жақтан Түркияның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қадамдарды басып, басқа жақтан да Халебте гуманитарлық бір жағдайды ортаға шығару үшін келіссөздерді жалғастырамыз» деді.

Фетуллахшы террор ұйымымен күрестің жалғасқанын атап көрсеткен Нуман Куртулмуш ұйымның саяси кадрларының да кезі келгенде жауапқа тартылатынын білдірді.

Еуроодақтың Түркияға қарсы әрқашан қос стандартты бір ұстаным ортаға қойғанын атап айтқан Куртулмуш Еуроодақтың бұл ұстанымынан құтылу керектігін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар