Мевлүт Чавушоғлу жұмыс сапармен Ливанда
Сыртқы істер министрі бірқатар басшылармен кездеседі.
![Мевлүт Чавушоғлу жұмыс сапармен Ливанда](http://cdn.trt.net.tr/images/xlarge/rectangle/e48e/5124/89e0/583c546e70805.jpg?time=1718991436)
Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу жұмыс сапармен Ливанда.
Чавушоғлу сапарында Президенттік сайлау және жаңа үкіметтің құрылуы үрдісінде Түркияның Ливанға деген қолдауын атап көрсетеді.
Екі жарым жылдан бері президент сайлай алмаған Ливанда 31 қазан күні дағдарыс шешіліп, жаңа президент сайланған еді.
Сыртқы істер министрі Ливандағы байланыстары барысында жаңа президент Мишель Аун, Мәжіліс басшысы Набих Берри, уақытша премьер-министр Таммам Салам, тағайындалған премьер-министр Саад Харири және Сыртқы істер министрі Гебран Бассильмен кездеседі.
Сыртқы істер министрі Чавушоғлу сонымен бірге Бейруттағы Юнус Эмре мәдениет орталығында Ливандағы түрік қоғамының өкілдерімен бас қосады.
Ұқсас жаңалықтар
![Ирактың солтүстігінде PKK-лық 4 террорист залалсыздандырылды](http://cdn.trt.net.tr/images/medium/rectangle/0f58/61b4/d37d/5f800345c2e8d.jpg?time=1718991436)
Ирактың солтүстігінде PKK-лық 4 террорист залалсыздандырылды
Ұлттық Қорғаныс министрлігі әуе операциясы туралы мәлімдеме жасады.