Операцияда бір әскер мен 4 оппозиционер шейіт болды

"Евфрат қалқаны" операциясы жалғасуда.

617357
Операцияда бір әскер мен 4 оппозиционер шейіт болды

Сирияның солтүстігінің терроризмнен тазалануы үшін 24 тамызда Түркияның басшылығында басталған «Евфрат қалқаны» операциясының 94-ші күнінде шыққан қақтығыстарда бір әскер мен 4 оппозиционер шейіт болды.  Бес әскер мен 25 оппозиционер сарбаз жарақат алды.

Түрік Қарулы күштерінің деректеріне қарағанда «Евфрат қалқаны» операциясы аясында Сирияның солтүстігіндегі Бараках, Анифах және Абу Хаии аймақтарындағы ДАИШ террор ұйымының 7 нысанына әуеден операция жүргізілді.

Операцияда 2 штаб ғимараты,  3 қорғаныс бекінісі, бір қарулы көлік пен бір қару-жарақ қоймасы жойылды.



Ұқсас жаңалықтар